Алматы қаласының прокуратурасы әлеуметтік желілердегі ақпаратқа пікір білдірді

Алматы қаласының прокуратурасы әлеуметтік желілерде курьерді жауапкершілікке тартуға қатысты таратылып жатқан ақпарат жөнінде төмендегіні хабарлайды.

Screenshot_10.png

Анықталғандай, курьер тапсырысты тапсыру кезінде өзін дөрекі ұстап, тапсырыс берушіні әдейі жанжалға итермелеген. 

Атап айтқанда, ол тапсырыс берушіні «менің қарным ашып тұр» деген сөзді айтуға мәжбүрлеген, әйтпесе тапсырысты бермейтінін айтып қорқытқан. 

Курьердің арандатушылық әрекеттері тараптар арасында сөзге келуге себеп болған. Өз кезегінде тапсырыс беруші жанжал барысында бейәдеп сөздер қолданған.

Іс материалдарын қарау нәтижесі бойынша оқиғаға қатысушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен олардың әрқайсысына 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. 

Жауапкершілікке тарту жанжалға қатысушылардың құқыққа қайшы әрекеттеріне байланысты жүзеге асырылды.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына сүйенуге және бұрмаланған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырады. Көрінеу жалған ақпарат тарату заңнамада белгіленген жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Соңғы бес жылда асқазан-ішек ауруларының көрсеткіші күрт артты
  • Әлемнің үздік аспаздары Шымкентте бас қосты
  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер