Жаңа конституция: Мемлекеттік тіл мәртебесі – ұлт тұтастығының негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында мемлекеттік тілдің мәртебесі нақты әрі айқын белгіленген. Ата Заңда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» екені көрсетіліп, оның ел өміріндегі айрықша орны конституциялық деңгейде бекітілді.

Screenshot_3.png

Мемлекеттік тілдің мәртебесін айқындау – тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі. Қазақ тілі мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу салаларында негізгі тіл ретінде қолданылады. Бұл норма елдің тұтастығын нығайтуға, ұлттық бірегейлікті сақтауға және қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаңа Конституцияда мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі рөлін арттыруға басымдық берілген. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметінде қазақ тілін дамытуға және қолдану аясын кеңейтуге құқықтық негіз қаланды. Сонымен қатар, азаматтардың тілдерді еркін меңгеруіне және қолдануына кепілдік берілетіні де нақты көрсетілген.

Мемлекеттік тіл мәртебесінің конституциялық тұрғыда бекітілуі – елдің болашағына бағытталған стратегиялық қадам. Бұл – ұлттық құндылықтарды ұлықтау, тарихи сабақтастықты сақтау және тәуелсіздікті нығайту жолындағы маңызды шешім.

Осылайша, Жаңа Конституцияда мемлекеттік тілдің айқын көрсетілуі Қазақстанның құқықтық мемлекет ретіндегі дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Соңғы бес жылда асқазан-ішек ауруларының көрсеткіші күрт артты
  • Әлемнің үздік аспаздары Шымкентте бас қосты
  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер