Жаңа Конституция: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қағидаттары

Жаңа Конституцияда Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының негізгі қағидаттары айқын көрсетілген. Негізгі заңға сәйкес, Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. 

Screenshot_4.png

Бұл қағидаттар елдің мемлекеттік басқару жүйесінің негізін құрайды және қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Конституцияда мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылатыны нақты белгіленген. Бұл норма мемлекет саясатының басты бағыты азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға негізделетінін көрсетеді. Сондай-ақ, аталған қағидаттар мемлекеттік билік органдарының қызметінде заң үстемдігін қамтамасыз етуге және қоғамдағы әділеттілікті нығайтуға бағытталған.

Демократиялық мемлекет қағидаты халықтың билікке қатысуын, азаматтардың пікірін ескеруді және мемлекеттік басқаруда ашықтықты көздейді. Ал зайырлы мемлекет ұстанымы дін мен мемлекеттің өзара тәуелсіздігін сақтай отырып, барлық азаматтардың діни сенім бостандығын құрметтеуге негізделеді. Құқықтық мемлекет қағидаты заң үстемдігін қамтамасыз етсе, әлеуметтік мемлекет ұстанымы халықтың әл-ауқатын арттыруға және әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталған.

Осылайша, Конституцияда бекітілген мемлекеттік қағидаттар Қазақстанның құқықтық, демократиялық және әлеуметтік дамуының берік негізін қалыптастырады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Қазақстан Республикасының мемлекеттік қағидаттары
  • Жаңа Конституция: Қазақстан Республикасының конституциялық соты
  • Қазақстан халық кеңесінің негізгі қызметтері: Мемлекеттің ішкі саясаты мен қоғамдық келісім
  • Жаңа Конституция: Неке және отбасы – ана, әке және бала мемлекет қорғауында
  • Полномочия Президента в политической системе
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер