Жедел жәрдем бригадалары өзара сайысқа түсті

Screenshot_2.jpg

Медицинада ең қиын жұмыс – жедел жәрдем бригадаларыныкі. Ауыр халде жатқан науқастың арықарайғы денсаулығы алғаш қараған осылардың ептілігіне көбірек байланысты. Айтуға оңай, ал шынында басы  қанап, аяғы  кесіліп, қолы шығып қанға боялып жатқан науқастың қасына барып, оның дене  мүшесіне зақым келтірмей жедел көлікке салып, келгенше дәрімен жанын сақтау үлкен жүректілікті талап етеді. Алғашқы көмек беретін дәрігердің біліктілігін арттыру үшін Шымкент қалалық орталық саябағында жедел  жәрдем бригадалары арасында сайыс өтті. Осындай іс-шаралар арқылы маманның көзі үйренеді, қолы төселіп, жүрегі де алып-ұшпай қатаяды. Өйткені, бұл жағдай өмір бойы оның әр күнінде кездеседі. 

Осы күні қаладағы барлық медицина мекемелерінің жедел жәрдем бригадалары науқастарға түрлі жағдайда ем көрсетудің жолдары бойынша кәсіби шеберліктерін байқатты. Жол апаты, жүкті әйелдің ауыр халі сынды  қайғылы оқиғалар кезінде батыл әрекеттеніп, науқастың өмірін аман алып қалудағы түрлі амалдарын ортаға салды.

Screenshot_1.jpg

 Қала халқының саны артқан сайын адамның амандығы үшін жанталасатын кәсіп иелерінің жауапкершілігі көп. Мұндай сайыс Шымкенттің өз алдына миллион халқы бар қала статусына иеленгеніне жыл толуына орай, әрі медицина қызметкерлері күнінің құрметіне ұйымдастырылған. Биыл үшінші рет өткізіліп жатқан сайыстың ашылу салтанаты кезінде қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев әріптестерін құттықтап: «кәсіби біліктілікті арттырып, күнделікі атқаратын жұмысымызды жоғары деңгейде іске асырайық. Халықтың алдындағы абыройдан таймаңыздар,- деп қатысушыларға жеңіс тіледі.  

Одан кейін Шымкент қаласы әкімінің, қалалық мәслихаттың, қалалық денсаулық сақтау департаментінің Алғыс хатымен 20 шақты жедел жәрдем қызметкерлері марапатталды. «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының өкілі Есімхан Бертаев: «ауырсақ Алланы еске алып сіздерді іздейміз»,- деп дәрігерлерді партияның атынан Алғыс хатпен марапаттады.  

Screenshot_6.jpg

Командалардың қатысуымен «Жол апаты» тапсырмасын орындау, жедел коронарлы синдром, анафилактикалық шок, босану, туылған нәрестенің жансақтау бөліміндегі жағдайы, преэклапмсия, политравма, кең көлемде реанимация, блиц сұрақтар сынды әрқайсысы 15-20 минутқа созылған талаптарды фельдшер дәрігерлер мен медибикелер орындап шықты. «Жол апаты» тапсырмасын орындауда жолаушылар көлігі мен газельдің соқтығысуынан апатқа ұшырап автобустан 20 шақты адам қатты жарақат алады. Апат орын алған аумаққа жедел жәрдем мамандарының жүгіріп келіп, оларға қызмет етіп, жартылай жарақат алғандарына су, дәрі беріп, жарақаты ауыр науқастарды шұғыл аурухана әкетіп, сырқатына байланысты бөлімдерге жеткізеді. 

Screenshot_3.jpg

–  Мамандардың тәжірибесін арттыратын осындай іс- шара жылда ұйымдастырылады.  Өткен жылы әр емханада  жедел жәрдем көрсету бөлімдері ашылған.  Биылғы солар сайысқа қатысуда. Бес емханадан бес бригада қосылды.  Іс-шара мақсаты – күнделікті жұмыс барысында дәрігерлер бастан өткізетін жағдайға дайындықты пысықтау. Жаттығу арқылы шеберліктерін шыңдау. Осы жылдан бастап барлық дәрігерлер мен фельдшер мамандарын халықаралық стандартқа сай оқыттық. Нәтижесін бүгінгі сайыс кезінде байқадық. Олар адамның қан қысымы қатты көтерілгенде қалыпқа келтіріп,  жүрек соғысы нашарлағанда инфаркттың  алдын алады. Босану кезінде өміріне қауіп төнген анаға көмек береді. Апатқа ұшырғандарды бірінші болып емдейді. Осы бойынша оқығандарын іс-тәжірибеде жүзеге асырып көрді. Жарысты ұйымдастырудағы ойымыз – жас мамандардың біліктілігін көтеріп, білімін арттыру еді. Сайыс кезіндегі әрекеттеріне қарап отырып, қай тұсының осал тартатынын байқап, арықарай сол бойынша тағы үйретеміз. Нәтижелі іс көрсеткен бригада әлі ептілігі аз топты өз қарауына алып, біраз уақыт нұсқаушы болады. Қала бойынша  86 бригаданың  30 нұсқаушысы бар. Біздің саланың мамандарына тәжірибемен қатар батылдық, шапшаңдық керек. Қазір жедел жәрдем көрсету станцияларының жұмысы  цифрландыру жүйкесіне өткен. Құжат толтыруда қағаз толтыратын  күйбеңнан арылдық. Ауру бара жатқаннан сырқаты жайлы мәліметті электронды түнде келесі ауруханаға жібереміз. Науқас үйінде қалатын болса емхана дәрігерлеріне үйінде қалдырғанымызды айтып, тағы мәлімет  жолдаймыз,- деді қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнәр Құрманбекова.  


Динар БОРАНБЕКҚЫЗЫ  


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер