«Еріктілер кабинеті» ашылды

Screenshot_14.jpg

Биыл Шымкентте болатын бірқатар шаралар еріктілердің атсалысуымен өткізілетіні белгілі. Еріктілердің қоғам дамуындағы беталыстарына ерекше құрмет білдіру мақсатында Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы әкімдігінде «Еріктілер кабинеті» ашылды. Аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен ашылып отырған бұл кабинетте еріктілер бас қосып, олар алда атқаратын жұмыстарын пысықтайтын болады.

Өз кезегінде аудан әкімдігі еріктілердің көмегімен жүзеге асатын әлеуметтік, мәдени бағыттағы іс-шаралар мен тазалық акциялары бойынша орындалатын ауқымды жұмыстарды талқылап, жоспарын түземек.

Игі бастама туралы өзінің әлеуметтік парақшасында аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов «Құрметті волонтерлар, арнайы ашылған кабинетте көкейлеріңізде жүрген сауалдарыңызды ортаға салып, еркін түрде пікір алмасып, ұсыныстарыңызды жеткізуге болатынын және алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін білімдеріңізді, күш-жігерлеріңізді ауданымыздың өсіп-өркендеуіне жұмсауға шақырамын»,-деп жазады.

Шымкенттік еріктілердің белсенділігі билік басындағы азаматтардың көңілінен шығып келеді. Еріктілер жыл басынан бері түрлі қоғамдық шараларға атсалысуға бастама көтеріп, қолдан келер мүмкіндіктерін көрсетуде. Кешеге аптада өткен жалпыхалықтық сенбілікте де еріктілер тазалық шараларын қолдайтынын сөзбен емес, іспен көрсете білді. Биыл «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» бағдарламасы аясында қалада өткізілетін шараларды тамашалауға шетелдік қонақтар күтіліп отыр. Осыған орай 300-ге жуық ерікті арнайы оқытудан өтеді деп жоспарланып отыр. Олар қаламызға келетін қонақтарды күту және бағыттаушы әрі көмек көрсетуші ретінде қызмет көрсетпек. Еріктілерге арнайы үлгідегі киімдер таратылып олардың жол жүру ақысы мен тамақтануы қарастырылады.








Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер