Кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріле бастады

Screenshot_15.jpg

Шымкентте аз қамтылған отбасыларға кепілдендірілген пакет таратыла бастады. Атаулы әлеуметтік көмек алған тұрғындар биылдан бастап азық-түлік пен гигиеналық заттарды тегін алады.

Жиынтықта балаға қажеттінің бәрі қамтылған. Дәруменге толы сүт, күлше, тәттілер, жармалардың түр-түрі, тіпті кез-келген отбасының дастарханынан табыла бемейтін балға дейін бар.  «Төрт балам бар үшеуі балабақшаға барады. Біреуі мектепке барады. Ол тегін ыстық тамақ ішеді. Міне азық-түлік алып жатырмыз. Үкіметке рахмет! Балалар үлкейгенде қайтарады»,- дейді көп балалы ана Мейрамгүл Шалғынбава.

Мамандардың мәліметінше жыл басынан бері Шымкентте 15 833 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Биылғы жылдан бастап енгізілген жаңа форматтағы қолдаудың аясында қазір 9 мыңға жуық отбасына қаңтар айының азық-түлік жиынтығы таратылып жатыр. Бүгінде кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің шарапатын қаладағы 1-6 жас аралығындағы 15 949 балаға көріп отыр.

 «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің тәртібі бойынша тағайындалған отбасылардың балаларына «кепілдендірілген әлеуметтік топтама» ұсынылуда. Шымкент қаласы бойынша «Кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы» «Магнум» ЖШС-нің 4 ірі сауда орталықтары арқылы берілуде. Қаңтар айының пакетін таратып болған соң, ақпан айына азық-түліктер беріле бастайды»,- дейді Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев.

Мұқтаж отбасыларға өздеріне тиесілі азық-түліктерді емін-еркін кезек күтпей алуы үшін барлық жағдай жасалып отыр дейді салаға жауаптылар. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер