Жаңа өткел пайдалануға берілді

Screenshot_16.jpg

Шымкентте Темірлан тасжолы мен Мангелдин көшесінің қиылысындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі пайдалануға берілді.

Бұған дейін тұрғындар жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп жүрсе, енді жер үсті көпірі арқылы қатынай алады.

Көпірдің ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов пен тұрғындар қатысты.

Темірлан тасжолы мен Мангелдин көшесінің қиылысындағы қозғалысты жеңілдету үшін салынған көпірдің құрылысы 2015 жылы басталған болатын. Екі жолды байналыстырып тұрған бұл өткел мегаполистіктер, әсіресе, балалар үшін қауіпсіз болмақ.

Көпір ішінде зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін лифт орнатылған. Маңында мектеп, балабақша, сауда орындары көп шоғарланған аймақтағы жер үсті көпірінің аяқталғанына қала тұрғындары ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік,  Темірлан тас жолы бойынан Мангелдин көшесіне жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өту жолаушылар үшін  қауіпті болатын. Себебі көлік қозғалысы көп әрі бұл жолдан  оқушылар да көп өтетін. Ұл-қызы сабақтан келгенше жанын шүберекке түйіп отыратын ата-аналар енді алаңдауға негіз жоқ дейді.

 Еске сала кетсек,  үшінші мегаполисте үш жер үсті көпірі бар. Олар Ордабасы алаңы, 18-шағынауданда орналасса, жаңадан салынған көпірдің ерекшелігі – үш жағынан лифт орнатылған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер