Өзгерістерді өзіңнен баста!

Screenshot_22.jpg

Болашақ жастардың қолында. Сондықтан өскелең ұрпақтың тәрбиелі, білімді болуымен қатар өз елінде адалдық сезімі болуы керек.    Осы орайда Ақпараттық–ағартушылық штабының мүшесі, «Шымкент – Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің басшысы, Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Е.Төлебаев М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті.

Өзгерістерді өзіңнен баста! Дәл осы  тақырыпта  өткен шараның мақсаты — студенттердің бойында адалдық, парасаттылықты, өз іс-әрекетін және мінез-құлқын ұғынуға ұмтылысын дамыту, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

Кездесуге М.Әуезов атындағы ОҚМУ басшылығы мен «Саналы ұрпақ», «Ізгілік елшісі» жобаларының мүшелері мен Парасат мектебінің қызметкерлері қатысты.

Спикер Ерасыл Төлебаев бүгінгі жастар заман талабына сай қасиеттерге ие болуы керектігін, бәсекеге қабілетті болу, технологияларды қолдану екендігін атап өтті. Болашақ маман ретінде жастарды адал оқып, елдің патриоты болуға, өз елімізде мықты маман ретінде жұмыс жасап, елдің дамуына үлес қосуға әрқайсымыз міндеттіміз деп атап өтті.

Ол Ақпараттық-ағартушылық штабтың және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысымен таныстырып, жастарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Сондай-ақ, шара барысында Университет жастары «Парасаттылық» эстафетасын бастап, Түркістан облысының жастарына жолдады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер