Бес минутта шешеді

Screenshot_23.jpg

Шымкентте «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы оңтайлы жүзеге асырылып, цифрлы қызметтердің саны артып келеді. Мәселен осы жылға шенеуіктердің тұрғындармен тиімді кері байланыс орнату мақсатында «Цифрлық агент» мобильдік қосымшасын тұрғындар арасында кеңінен насихаттауды күшейтіп, келіп түскен шағымдарды сапалы әрі жылдам шешу бойынша мәселе көтерілуде.

Атап айтқанда, қазіргі таңда,мобильдік қосымшасын қолдану тәсілдері туралы екі тілде бейнероликтер барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары, мемлекеттік кірістер басқармаларының экрандарында тұрақты көрсетілуде.

Мобилдік қосымша арқылы халықпен мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын, сыпайылық пен қызметкердің кәсіби этикасы, әкімшілік тосқауылдар және оларды 5-балдық шкала бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары, мемлекеттік кірістер, жұмыспен қамту және тест орталықтары мен соттар әкімшісінің қызметтеріне бағалау мүмкіншілігі қарастырылған.

Келіп түскен шағымдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша депаратаменті тарапынан жедел назар аударылып, сапалы қарауын қадағалап, бес минуттың ішінде кері байланыс орнатылуына ықпал етуде.

Алдағы уақытта мобильдік қосымшаны тұрғындар арасында көрнекі жерлерде баннер-билбордтарды орналастыру, БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы көрсетілімдер барынша арттырылмақ.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Шымкенттік тұрғын 120 тонналық вагондарды сүйреп, рекорд жасады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер