Шымкенттің мармелады-ай!

Screenshot_25.jpg

Шымқалада өндіріс орындарының саны артып келеді. Жақында қалалық әкімдіктің қолдауымен шаһарда жаңа өндіріс орны іске қосылды. 

Мармелад шығаратын цех жергілікті кондитерлік фабрика мен қала әкімдігі арасындағы меморондум аясында жұмысын бастап отыр. Жаңа желі сағатына бір тонна өнім шығаруға қауқарлы. Онда 80 жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Соңғы кездері тәттісі аз кондитерлік тауарларға сұраныс зор дейді мамандар. Тіпті Шымкенттің тәттісіне  шетелдіктер де қызығып отырған көрінеді. Былтыр 20 мың тонна өнім шағарған кәсіпорын 30 түрлі кондитерлік өнім шығарады. Нарықта бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания өнімі Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қытай елдеріне де экспортталады. Компания басшылары өнім ассортиментін арттыруды көздеп отыр.

Тапсырыс мөлшері артып, өндіріс қарқыны ұлғайғанда жұмысшылар екі-үш ауысымда жұмыс істейтін болады  дейді қала әкімінің орынбасары.

«Мемлекеттік қолдау ретінде 90 миллион теңгелей көмек көрсетілді. Несиелерді рәсімдеу мәселесі бойынша 80 жұмыс орны ашылып отыр. Бізді қуантып отырғаны осы»,- дейді Шымкент қаласы әкімнің орынбасары Мақсұт Исақов.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Шымкенттік тұрғын 120 тонналық вагондарды сүйреп, рекорд жасады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер