Қиындықты ауызбіршілігімізбен жеңеміз

Screenshot_8.jpg     

Жұқпалы індеттің таралуы елдің еңсесін түсіргені анық. Мұндай сәтте қарапайым халыққа тек билік өкілдері ғана емес депутаттар да демеу болуы қажет. Шымкенттік шенеуніктер Елбасының үндеуін қолдай отырып, жұртты жылы сөздерімен жұбатуда. 

    Солардың бірі Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Еркін Сатқанбаев қыиндықты ауызбіршілік арқылы ғана жеңеміз дейді. «Біздің де үлкен мәселемізге айналған бұл жаһандық зауалды тоқтату мақсатында ел Үкіметі тиісті жұмыстарды жасап, маңызды шешімдерді қабылдап жатыр. Осынау сын сағатта Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтан бастап еліміздің қарапайым тұрғындарына дейін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, қолдан келген жақсылықты жасап, қол ұшын созып жатыр. Ақиық ақын Мұқағалидың «Отан, Отан бәрінен биік екен...» деп жырлағандай, осы бір сын шақта Отанымызға деген сүйіспеншілігін танытуда қалыс қалған бір де бір азамат болмауы тиіс. Барлық қиындықты ел бірлігінің, ауызбіршілігі арқылы жеңеміз. Өзіміз де сақтық шараларына немқұрайлы қарамай, дәрігерлердің барлық талаптарын орындап, сақ жүруіміз маңызды. Елде енгізілген қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау арқылы сіз өзіңізді және жақыныңызды қорғап қаласыз. Бұл - уақытша ғана қиыншылық деп, мұны да жеңіп, ел қалыпты тынысына жетеді деген сенімдемін. Осындай қиын-қыстау кезеңде барлығымыз жұмыла бір-бірімізге қолдау көрсете білсек бізді алатын індет жоқ екенін айтқым келеді!».



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер