Еріктілер жарап тұр

Screenshot_14.jpg

Республикадағы төтенше жағдайға байланысты Елбасының айтқан Үндеуін шымкенттіктер жерге қалдырмай, індетпен күресуге ат салысуда. Осы орайда Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ермек Дәрменов те өз ойын қосты. 

"Бағзыдан жақсылық жасауда алдына жан салмайтын қасиеті басым, ел еңсесін тіктей білген ұлы халық - қазақ деген халықпыз. Жаһанды өзіне қаратқан аты жаман кесел жер шарының іргесін сөгіп барады. Әлеммен бірге біз де алаңдаушылығымызды көрсете бастадық. Себебі, бұл қатерлі індет елімізге соқпай өте алмады. Осындай ел басына күн туғанда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев осы бір аурудың алдын-алу үшін ел азаматтарының бұғып қалмауын, азаматтықтарын танытар мезгіл жеткенін, аталған проблема мемлекеттің ғана емес, оның әрбір тұрғынының бас ауруы болуы тиіс екендігін атай келе, барша іскер кәсіпкерлердің, қолынан іс келген баршамыздың атсалысуымыз керектігін нықтап айтып өтті. Отыз жыл сындарлы саясатының арқасында осынау мамыражай кезеңге жеткізген тұлғамыз, елді әбігерге салған қатерге қарсы тұру тактикасымен бөлісті. 

Аллаға шүкір, Үндеу өз уақытында жолданып, әзірден-ақ әрбір жомарт қазақ өздерінің барын көрсетіп, Тұңғыш Президентті қолдайтындықтарын білдіріп отыр. Есімдерін тізсек дәптердің біраз бетін алар отандастарымызға қарап, қазақ сол баяғы - атымтай қазақ екендігіне көз жетуде.

Сол кәсіпкерлерге қарап сүйсініп отырғанда, "Еріктілер жылы" аясында жасы-кәрісін қосқанда мыңдаған еріктілер ауруға тосқауыл негізгі элементтерінің бірі - бетперде тігуге кіріскен өзіміздің азаматтардың қимылы рухты тағы бір аспандатып жіберді.

Отансүйгіштігімізді құр сөзбен емес, іспен дәлелдегісі келетін жандар баршылықта, аты жаман кеселге тойтарыс берем деген жандар барда бұл қауіптің де бетін ары қаратамыз деген сенімдеміз. Бастысы, Елбасымыздың өзі қайта-қайта айтып отырар - ауызбіршілік пен тұтастықты ұштастыра отырсақ екен. Сонда ғана біз шығар асу аласарып, қазақ деген ұлы халық екендігіне қайта сендірер ек".


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер