Бетперде тігіп, үлес қосуда


Screenshot_15.jpg

Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Нұрғазы Бұхарбай пандемияның кесірінен еңсесі түскен елге жалынды сөздерін айтып, кәсіпкерлер мен еріктілер қарапайым халыққа үлгі болуы керектігін айтты.

 «Толқын көтеріліп, кемесі шайқалған сәтте, үрей жұтқан елге ақсақалдың ақылы керек-ақ. Әлемге, оның ішінде елімізге де қарасын көрсеткен коронавирус індеті белең алған шақта Елбасымыз, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевьың үндеуінен соң  ел жанашырлары - меценаттар, зиялы қауым мен ел тұтқасын қолына енді алған жас буын да өздерінің құр алақан емес екендіктерін көрсетуде. "Қайықтағының жаны бір" демекші, мемлекетіміз қайық та, өзімізді сол қайықтағылардың қатарында екенімізді ұққандаймыз. Биылғы жылды "Еріктілер жылы" деп бекіткен ел Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасы осы бір қиын шақта іске асуы тиіс деп ойлаймын. Әр кәсіпкер шамасы жеткенше біраз қаржы аударуымен еріктіліктерін білдіртіп жатса, қарапайым халық та сол кісілерден қалмай коронавирус ауруын алдын-алу үшін өз қолдарымен ерікті түрде бетперделер тігуге кірісіп кетті.

"Ел басына күн тумасын, туса сен де - бір тұлғасың!" дегендей, осы бір ауыр кезеңде баршамыздың ортақ мүддеміз - елді әбігер еткен індетті жеңу, өзіңнің де елдің бір тұлғасы ретінде дәлелдеу, отандасыңа қол ұшын созу!»,- дейді ол. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Шымкенттік тұрғын 120 тонналық вагондарды сүйреп, рекорд жасады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер