«Қыс шанаңды жаз сайла»

Screenshot_6.jpg

Үшінші мегаполистің қысы қытымыр болмаса да  жылу уақытылы берілуде. Көктемі ерте келетін Шымкентте  қазандықтарының ахуалы үнемі қадағаланып тұрады. Осы орайда жақында шырайлы  қаланың әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы жылу беру қазандықтарының жұмысымен танысты. Алдағы уақытта күрделі жөндеуді қажет ететін қазандықтардың жай-күйін бағамдады.

Алдымен қала басшысы әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан қуаттылығы 160 Гкал болатын «Қуат жылу орталық -3» қазандығының жұмысын көрді. Қазіргі таңда қазандық көп пәтерлі 77 үйді, 9 бюджеттік мекемені, 35 шағын және орта бизнес нысандарын жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Бұдан соң, қала әкімі бастаған жұмысшы топ Теріскей шағынауданында орналасқан «Аудандық РК-3» қазандығы мен Спорт шағынауданындағы К-24 жылу жүйесін аралап көрді.

Аралау барысында Мұрат Дүйсенбекұлына қазандық бойынша жаңғырту жұмыстарын жүргізу қажеттігі айтылды. Тұрғындарды сапалы жылумен қамту үшін ертеректен қамдану керек екенін айтқан қала әкімі қысқы кезеңге дайындықты бекітілген жөндеу кестелеріне сәйкес жүргізілуін ескертті. «Қыс шанаңды жаз сайла» деген осы шығар. Әу бастан қазандықтардың кем-кетігін түзетуге кіріскен мамандар жылу беру маусымы басталғанда ешқандай қиындықтар болмайды дейді. 




Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер