Қоғамдық көліктер тазартылуда

Screenshot_11.jpg

Қытайдан бастау алған вирустың әлемге таралуы адамзатты тазалық пен денсаулықтың қаншалықты қымбет екенін ұқтырғандай. Індеттің кесірінен көптеген елдер төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болды. Үшінші мегаполисте кеселді жұқтырғандар жоқ. Десе де сақтық та қорлық жоқ. Вирустан сақтану және тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында қала әкімдігі  қоғамдық көліктерге дезинфекциялау шараларын жүргізуді қолға алды. 

Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Наурыз Сүгірәлиев мәлімдеді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары жүргізілуде. Жалпы, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар қала әкімдігінің тікелей бақылауында.

— Шымкенттегі қоғамдық көліктер мен қалааралық бағытта қатынатын автобустарға санитарлық алдын алу шаралары жүргізілуде. Қаладағы барлық жолаушылар көлігіне әр айналым сайын дезинфекция жасалуда. Сонымен қатар, «Самал», «Бекжан», «Айна» автовокзалдарындағы басқа қалаларға барып-келіп жатқан автобустарға да профилактикалық шаралар тұрақты түрде күн сайын жалғасуда, — деді Н.Сүгірәлиев.

Еске салсақ, бүгінде Қазақстанда сационарлық карантинде 1 090, үй карантинінде 452 адам жатыр. Бұған қоса, Қытай мен көршілес мемлекеттерден келген азаматтар мониторингілеуден өтуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • ОРК референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер