3 жылдық бюджет бекітілді

Screenshot_21.jpg

Шымкент қалалық мәслихаттың кезекті 62-ші сессиясында депутаттар үш жылға бюджетті бекітті. Оның көлемі 356 миллиард теңгені құрады. Қаржының басым бөлігі әлеуметтік, білім, мәдениет салалары мен коммуналдық мәселелерді шешуге бағытталды. 

Сессияның қарауына ұсынылған 22 мәселе алдын тұрақты комиссияларда жан — жақты талқыланғандықтан, олар бойынша шешім бірауыздан қабылданды. 3 жылға арналған қала бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

 «Медицина саласына 22,7 миллиард теңгеге 16 жоба іске асырылды. 500 орындық емхана бір аптада пайдалануға беріледі»,- деді сессияда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр.

Жеті миллиард теңгеге қаладағы төрт аудандағы 260 көпқабатты үйлердің ауласын абаттандыруға 15 жоба жүзеге асырылуда. Еңбекші ауданында бұл жұмыстар аяқталса, қалған аудандарда жалғасып жатыр. Білім саласында жеті жобаны жүзеге асыруға 10 миллиард теңге  бағытталды. Әкімшілік іскерлік орталығында 320 орындық балабақшаның құрылысы аяқталып, 150 орындық өнер мектебі пайдалануға тапсырылмақ.

Қаланың іргесіндегі «Азат» шағынауданын газдандыруға 33,7 млн. теңге, «Тұран» шағынауданындағы 1,3,7 көше жолдарының құрылысына 400 млн. теңге бөлінбек. Бәйдібек би мен Ұ. Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жол айырығының құрылысына 50 миллион теңге бағытталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер