Шымкентте коронавируспен күреске 181 миллион теңге бөлінді

Screenshot_20.jpg

Үшінші мегаполис Шымкентте коронавирус тіркелген жоқ. Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифингтен кейін шаһарда  БАҚ өкілдерімен шұғыл іс-шара өтті. Кездесу барсында, қала әкімінің орынбасары 20-шы наурыз күні өтетін «Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанаты кейінге қалдырылғанын мәлімдеді.

Ал қалалық денсаулық сақтау басқарамасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Темирхан Варзилов дүрлігуге еш негіз жоқ дейді. Инфекцияға тас түйін дайынбыз деген ол коронавируспен күресуге 181 миллион теңге бөлінген хабарлады. Бұл сомаға қосымша керек жарақтар алынған. «Заласыздандыру шараларына толық дайынбыз. Сонымен қатар, анализ алу арқылы коронавирус бар жоғын 14 күннің ішінде анықтаймыз. Оған дейін күдікті адам аураханада карантинге алынады. Дәл қазіргі уақытта қала бойынша 950 орын дайындалған»,- дейді Темирхан  Варзилов.

Спикердің айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық жағдай тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, қала әкімдігінің және Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Эпидемияға қарсы үздіксіз іс-шаралар жүргізіліп келеді. 

Әлемді шарпыған вирусқа тосқауыл болатын нәрсе - ол әрине тазалық. Осы орайда қаладағы  қоғамдық көліктер мен қалааралық бағытта қатынайтын автобустарға санитарлық алдын алу шаралары жүргізілуде. Қаладағы барлық жолаушылар көлігіне әр айналым сайын дезинфекция жасалуда. Сонымен қатар, «Самал», «Бекжан», «Айна» автовокзалдарындағы басқа қалаларға барып-келіп жатқан автобустарға да профилактикалық шаралар тұрақты түрде күн сайын жалғасуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проект новой Конституции формирует основу эволюции государства и общества – Бакыт Нурмуханов
  • «Существенно усилены конституционные принципы правосудия»
  • Суверенитет и территориальная целостность отнесены к неизменным ценностям
  • Конституционная реформа Главы государства – новый этап развития государственного устройства
  • Мемлекет басшысының конституциялық реформасы – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер