Баға бақылауда

Screenshot_23.jpg

Төтенше жағдай кезінде азық-түлік қорын көбейтіп елді елеңдетпеу басты мақсат. Өтпелі кезеңде баға тұрақтылығы «Nur Otan» партиясының да жіті назарында. Осы мақсатта мегаполистегі «Nur Otan» партиясының өкілдері ірі сауда орындары мен базарларды аралауға көшті. Бұл жолы филиал төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов ел ішінде Карл Маркс базары атанып кеткен көтерме сауда орталығына арнайы барды.

Көшбасшы партия төрағасының бірінші орынбасары көтерме базарға ескертусіз барды. Дегенмен базар әкімшілігі карантинге сақадай сай екенін көрсете білді. Сатушылар бетперде киіп, баяғы қалыпта сауданы қыздырып тұр. Бахадыр Нарымбетов қазіргі ақуалға түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Ел басына күн туған сәтте  партия халықпен бірге екендігін жеткізді. Сонымен қатар тауар бағасын тұрақтандыру мәселесіне тоқталды. 

«Ажиотаж жоқ. Азық-түлік жеткілікті. Картоптың бағасы көтерілгенін айтып отыр. Оны Ресейден Пәкістаннан картоп келмей қалғандығымен түсіндіруде. Жалпы азық-түлік жеткілікті»,- дейді «Nur Otan» партиясының  Шымкент қалалық филиялы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов.

Көтерме базардың жұмысы таңсәріден қызады. Алайда карантин тәртібімен сауда орына жаңа жұмыс кестесіне көшкен. Орталық күніне екі мезгіл залалсыздандырылады. Кірген көліктердің дөңгелегі шайылып, базардың 10 шақты жеріне қол шаятын  антисептикалық заттар ілінген.

     «Қақпадан  кіргеннен бастап залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүкіл сатушыларға маска тағуды жеке гигиенасын сақтауды талап етіп жатырмыз. Одан кейін барлық жерге залалсыздандыру нүктнелері қойылған. Сатушыларға толық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз»,- дейді көтерме базардағы лаборатория меңгерушісі Гүлайым Күздеуова.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер