Аялдамалар дезинфекциялануда

Screenshot_24.jpg

Шымкентте көшелердің бойындағы аялдамалар, ондағы қоқыс жәшіктерін залалсыздандыру жұмыстары басталды.Таңертеңнен «ЛТД Тұрмыс» ЖШС арнайы техникасы  және мамандары  Тәуке хан даңғылындағы аялдамаларды, қоқыс жәшіктерін санитарлық дәрілеуде. Залалсыздандыру жұмыстарына үш техника және 20 маман жұмылдырылған.

   «Дәрінің құрамы хлор мен Биофакт 120″. Дезинфекция барлық көшелерде жүргізіледі»,- дейді «ЛТД Тұрмыс» ЖШС маманы Ғазиз Құрманғалин.

Айта кететін жәйт, «ЛТД Тұрмыс»  серіктестігі қаладағы 125 көше мен Асардағы аумақтағы көшелерінде тазалық жұмыстарын жүргізу міндеті жүктелген.

Сондай-ақ Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелерінде коронавирусты инфекцияның алдын алу үшін аумақтар мен нысандарды дезинфекциялауға кірісті. Бұл жұмысқа санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қосылған, ол арнайы құралдарды пайдалана отырып, өрт техникасын, үй-жайлар мен жабдықтарды мұқият дезинфекциялауын жүргізді.

Ылғалды тазалауды тұрақты жүргізудің маңыздылығын ескере отырып, департаменттің техникалық қызметкерлері қанатқақты, баспалдақ аралықтарын, есіктерді және барлық жанасу орындарын дезинфекциялау құралдарымен өңдейді. Жеке құрам жеке гигиена ережелерін қатаң сақтайды, дезинфекциялық құралдары бар дозаторлар сатып алынды және орнатылды.

Бұл алдын алу шаралары Шымкент қаласы ТЖ департаменті басшылығының қатаң бақылауында.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Шымкенттік тұрғын 120 тонналық вагондарды сүйреп, рекорд жасады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер