Кептеліс болмайды

Screenshot_4.jpg

Шымкент еліміздегі ірі үш мегаполистің бірі. Сондықтан қалаға кіру-шығу жолдары үздіксіз қозғалыс үстінде. Мәдени астанаға келетін жолаушылар мен қонақтарға ыңғайсыздық тудырмас үшін жол қозғалысын реттеу аса маңызды. Себебі қаланың келбеті қақпадан басталады.

    Осы орайда енді Шымкенттен шыға берісте кептеліс болмайды. Өйткені Бекжан базарының тұсындағы қосымша жол айрығы ашылды. Енді қаладан шыққан көліктер Алматы бағытындағы айналма жолға сол арқылы шығып кетеді

Ал, Темірлан тас жолы мен Ташкент бағытындағы айналма жол үстіне қойылған бағдаршам алынып тасталды. Яғни қаладан шыққан көліктер тура бағытта тоқтаусыз өтеді. Жалпы айналма жолға салынған көпір қаладан шыққан көліктердің нөпірін сейілту үшін тұрғызылған. Құрылыс жұмыстарының өтпелі болуына байланысты уақытша қиындықтар туындаған еді. Енді бұл мәселе шешілді дейді құрылысқа жауаптылар

«Қала әкімінің тапсырмасы негізінде Темірлан тас жолы бойындағы көше қиылыстарында көлік тығындарын болдырмау мақсатында оң жақ өткелдерді ашып жатырмыз. Қазіргі таңда төрт оң жақ өткелде қайта құру жұмыстары жүргізіліп,  көлік қозғалысы ұйымдастырылатын болады»,- дейді  Шымкент қалалық  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары.    



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Устойчивый рост промышленности как основа экономической модернизации
  • Өнеркәсіптің тұрақты өсуі – экономикалық жаңғыртудың негізі
  • В Шымкенте торжественно открылся новый учебный корпус военного колледжа имени Сабыра Рахимова
  • Шымкентте C.Рахымов атындағы әскери колледждің жаңа оқу корпусы ашылды
  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер