Базарда да тәртіп бар

Screenshot_5.jpg

Шымкент қаласындағы Абай ауданының өзінде 13 әлеумет базар бар. Барлығы төтенше жағдайдың алдын алу бағытындағы іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп, санитарлық – дезинфекциялық жұмыстарға баса назар аударуда. Жұмыс кестесі қысқарған сауда-саттық орындарында тауар бағасына да маниторинг жасалып, қалыпты көрсеткішті байқатып отыр. Аудан әкімі Бұқарбай Парманов, жүйелі жұмысына сенім белдіреді. Халықты алаңдамауға шақырады.

«Ел билігі мен денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасына тоқтаған мұндағы кәсіпкерлер қазір 11-де жұмысты бастап, 17:00 де тарқайды. Бұл ең алдымен коронавирус індетінің таралмауына жағдай жасайды – дейді аудан әкімі. Екі жақты түсіністік орнап, ортақ ымыраның барын айтады.

 «Самал» базары 5 гектар аумақты алып жатыр. Мұнда 1200 сауда нүктесі жұмыс істеп тұр. Күнделікті несібесін азық-түлік пен киім-кешек сатып тапқан ағайынның жаңа жұмыс кестесіне үйренісіп  кеткені байқалады. Бұған дейін ешқандай тәртіп бұзушылық орын алмапты. 

Абай ауданы халқы тығыз орналасқан аумақ. Мұнда әлеуметтік нысандар мен  59 тойхана, 249 мейрамхана мен дәмхана бар. Барлығында тәртіпке сәйкес атқарылып отырған тірлік те бар. Соған қарағанда жергілікті билік пен тұрғындар арасындағы байланыста өз деңгейінде жүзеге асып отырғанын байқайсыз.






Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Устойчивый рост промышленности как основа экономической модернизации
  • Өнеркәсіптің тұрақты өсуі – экономикалық жаңғыртудың негізі
  • В Шымкенте торжественно открылся новый учебный корпус военного колледжа имени Сабыра Рахимова
  • Шымкентте C.Рахымов атындағы әскери колледждің жаңа оқу корпусы ашылды
  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер