Шымкент - қайырымды қала

Screenshot_6.jpg

Елбасы Н.Назарбаев елдегі ахуалға байланысты кәсіпкерлерді мәрттікке шақырған болатын. «Осындай ауыр кезеңде мен барлық қазақстандықтарды ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырамын. Ел билігі коронавирустан қорғану үшін оның алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдады. Бұл ретте төтенше жағдайдың жариялануы – маңызды және қажетті қадам» деді Елбасы өз сөзінде.

Елбасы үндеуіне алғашқылардың бірі болып шымкенттіктерде үн қосты. «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелері Рашкүл Оспаналиева, Нұрпейіс Анарбеков, Ануар Толендиев коронавируспен күресуге 5 000 000 теңгеден аударды. Олар бұл бастамаға өзгелерді де ат салысуға шақырды.

Қомақты қаржы  «Шымкент қайрымды қала қорына» аударылды.  «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов   баспасөз мәслихатында  жалпы бұл бастамаға өзге де азаматтардың қолдау білдіріп отырғанын жеткізді. Сондай-ақ  елге танымал кәсіпкер қайрат Молдасейітовтың  20 миллион теңгеге салған медициналық емдеу мекемесі де  ел мүддесі үшін қызмет ететінін атап өтті.

«Кез-келген індетті бірлік, ынтымақтың арқасында жеңіп шығатынымызға сенімдімін. «Нұротандықтар»  әрқашанда халықпен бірге»,- дейді  «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов. Үндеуге үн қосқан партия белсендісі, кәсіпкер Рәшкүл Оспаналиева «Қазақтың басына нәубет түссе сыртта қалуға болмайды. Жұмылып жұдырық болғанда ғана қиындықты  жеңеміз»,- дейді.  




Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер