Көшелер дезинфекцияланды

Screenshot_8.jpg

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы бірқатар нысандарды дезинфекциялауға әскери қызметкерлер жұмылдырылды. Миллионды қалада коронавирус індетіне қарсы профилактикалық шаралар қолға алынып, дезинфекциялау жұмыстары Қаратау ауданындағы Нұрсұлтан Назарбаев және Бәйдібек би даңғылдарында, сондай-ақ Бәйтереков, Назарбеков, Арғынбеков көшелерінде жүргізіліп, жалғасын тауып отыр. Бұл халықтың денсаулығы мен өміріне жауапты билік өкілдерінің қатаң тапсырмасымен жүзеге асып отыр. 

Қаладағы дезинфекциялау жұмыстары қазіргі қоғамдық орындарда үздіксіз жүргізілуде. Қоғамның негізі адам болғандықтан үшінші мегаполисте әлі жұмыс орындарын тоқтатпаған кәсіпорындар да бар. Сондай-ақ, азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға үйінен шығатын тұрғындар да көп. Жалпы адамдардың денсаулығын сақтау мақсатында аудан бойынша барлық көшелерді, әсіресе адам қарасы көп жүретін көшелерде тазалық сақтап, жиі залалсыздардыру жұмыстары қолға алынып отыр. Мәселен, бұған дейін Арбат алаңы мен Shymkent Plaza ойын-сауық кешені аумағын әскерилер залалсыздандырды. Сонымен қатар, қаладағы барлық саябақтар сақтық шаралары бойынша уақытша жабылып, күн сайын дезинфекция жұмыстары жүруде. 

Осы орайда, елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауларыңызды, көшелерде негізсіз жүрмеулеріңізді тағы да сұранамыз. Аса қажеттілік туындаған жағдайда барынша сақтық шараларын ұстанып, бетперде киюді ескертеміз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер