Азық-түлік тегін таратты

Screenshot_11.jpg

Шымкентте «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабы екі аптаға толығымен карантинге жабылғаны белгілі.  Осы тұста қиын сәтте халыққа қолдау көрсету мақсатында  көрсеткен «Nur Otan» партиясы ұйымдастырған «Біз біргеміз!» республикалық акциясының аясында 107 жағдайы төмен отбасыға азық-түлік себеттері тегін таратты.

«Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабында қазіргі таңда 716 тұрғын үйде үш мыңға жуық тұрғын бар. Олар өздеріне берілген тапсырманы орындап, тәртіпті сақтап, үй карантинінде отыр. Аталған аумақтың тұрғындарына тегін бетперделер таратылып, әскерилер мен коммуналдық сала мамандары күніне 2-3 мәрте дезинфекция жұмыстарын жасайды. Сонымен қатар, шағын ауданда 132 аз қамтамасыз етілген, 96 көп балалы отбасы өмір сүреді. 

«Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабы короновирус инфекциясына байланысты 14 күнге карантинге жабылғаны белгілі. Біз осы қиын кезеңде әлеуметтік тұрғыда әлжуаз отбасыларға барынша қолдау көрсетіп жатырмыз. Елбасы тарсырмасымен ұйымдастырылған«Біз біргеміз!» республикалық акциясының аясында 107 (616 адам) жағдайы төмен отбасыға азық-түлік себеттері тегін таратылды. Сонымен қатар  716 отбасыға 40-50 пайыз жеңілдікпен картоп, пияз, сәбіз, май, ұн ұсынылды»,- деді ақпараттық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер