Бақылау шаралары күшейтілді

Screenshot_12.jpg

Шымкенттегі әуежай және Самал, Бекжан автовокзалдары Абай ауданында орналасқан. Олар бүгінде жұмыстарын толық тоқтатты. 36 мектеп, 127 балабақшалар, 3 жоғарғы оқу орны мен 9 колледждердің жұмысы уақытша тоқтатылған. Ірі саябақтар мен ойын-сауық орталықтары жабылды.  59 тойхана мен 31 моншаның  жұмысына толығымен шектеу қойылды. 

 Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов шағынаудандар мен тұрғын алаптарда 10 шағын базар мен 1054 азық-түлік дүкені күнделікті жұмыс істеп тұрғанын жеткізіп, бақылау шараларының күшейтілгенін жеткізді.

Азық-түлік қорына қатысты көптеген сұрақтар туындағанын ескеріп әкім бірқатарына жауап та берді. тұрғын алабына арзандатылған бағамен бірінші сұрыпты ұн жеткізілгенін, қазір нан бағасы тұрақты екенін айтты. Нан Жаңаталап тұрғын алабындағы 500 метр қашықтықтағы наубайханада жабылып, жеткізілуде. LTD Тұрмыс ұйымы елді мекенге күніне 2 мезгіл таза ауыз су жеткізіп беруде. 

Аудандағы 252 қоғамдық тамақтандыру орындарына қажетті залалсыздардыру құралдарының орнатылып жатқанын айтқан Б.Парманов тиісті талаптарды ескермеген нысандардың қызметіне шектеу қойылатынын да хабарлады.

Сонымен қатар, «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабындағы санитарлық бекеттегі жедел жәрдем және емхана қызметкерлері медициналық көмекті қажет ететін жергілікті тұрғындарға көмек көрсетуге дайын. Халықтың өміріне араша түсетін ақ халаттылардың бүгінде еңбегі орасан зор. Қиындықпен бетпе-бет кездесетін дәрігерлердің жұмысына көпшілік қолдау білдіруде.   

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер