2020 жыл – еріктілер жылы. Бүгінде бүкіл әлемде жаппай таралып жатқан коронавирус пандемиясы кезінде қарапайым халыққа жәрдем етіп, ерікті түрде қызмет ететін жастардан құралған топ үшінші мегаполис тұрғындарына да көмектерін аямауда. Шымкент шаһардағы 200-ге жуық ерікті жастар «Mega Pharma» ұйымдастырған #Бізбіргеміз челленджімен бетперделер мен балаларға арналған аскорбин қышқылын адам көп шоғырланған орындарда, Әл-Фараби ауданы бойынша «Арбат» демалыс орны, Абай ауданы бойынша «Жаңа шаһар» базары, Еңбекші ауданы бойынша «Север» сауда үйі, Қаратау ауданында Қайнарбұлақ және Сайрам елдімекендерінде таратып шықты.
«Mega Pharma» ЖШС отандық медициналық маскалар өндіретін бірден-бір кәсіп орын. Олар «Біз біргеміз!» акциясын бастап, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарына медициналық маска тегін таратуда. Қалалық еріктілердің көмегімен осы уақытқа дейін 100 000-нан астам бетперде тігіп, тұрғындарға балаларға арналған аскорбин қышқылдарын да қосып беруде. Мәселен, үш ірі мегаполистің ішіндегі Шымкент қаласында 20 000 мыңға жуық медициналық бетперде мен балаларға арналған 600 аскорбинді қышқыл дәрумендері таратылды.
«Біздің мақсатымыз Шымкент қаласының тұрғындарына қолдау көрсету, өзіміздің әлеуметтік борышымызды орындау. Алдағы уақытта бұл акцияны Алматы қаласында өткізу жоспарлануда. Біз нарықта 7 жылдан бері пайдалы өнімдер шығарумен айналысамыз. Және де барша компанияларды қамқорлық танытып, қала тұрғындарына көмек қолын созуға шақырамыз», - дейді «Mega Pharma» компаниясының өкілі Инара Абдраимова.