Көмек қолын созуға дайын

Screenshot_6.jpg

«Үкімет белсенді шаралар қабылдап жатқанымен біз қалаларымыздың негізгі көшелерінде мұндай бетперделерді азаматтарымызға тегін тарататындай жағдай жасаумыз керек. Бұл Үкімет алдында тұрған жедел әрі шұғыл шара саналады» деп Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, елдің бірлігі мен бауырмалдығы көрінетін дүрбелең шақта үшінші мегаполис еріктілері қала халқына қызмет етіп жатыр. 

Бүгінде шымкенттік ерікті жастардан құралған топтар халық денсаулығына алаңдаушылық білдіріп отыр. Қазіргі кезде тапшылық тудырып отырған медициналық маскаларды тігіп көмектесіп жатқан жастар көп. Сонымен қатар, адам көп шоғырланатын жерлерде короновирус індетінің қаншалықты қауіпті екенін, ол кеселге қалай тап болмау керегін түсіндіріп жүргендер де ерікті азаматтар мен азаматшалар. 

«Еріктілер қазір адам көп жерлерге, белгіленген орындарға бөлініп кетті. Және біздің еріктілер маска тігуге, антисептик жасауға көмектесуде. Көптеген тұрғындар өкінішке орай, аурудың күрделілігін түсінбей, еркін жүрген кісілер де бар. Сондай кісілерге аурудан қалай сақтану керектігін айтып, көмектесіп жүрміз», - дейді Шымкент қаласы еріктілер корпусының президенті Жасмин Ашимова.

Қаланың адам көп шоғырланатын орындарында олар «Mega Pharma» ұйымдастырған #Бізбіргеміз челленджімен халыққа маска мен балаларға арналған аскорбин қышқылдарын таратып шықты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Устойчивый рост промышленности как основа экономической модернизации
  • Өнеркәсіптің тұрақты өсуі – экономикалық жаңғыртудың негізі
  • В Шымкенте торжественно открылся новый учебный корпус военного колледжа имени Сабыра Рахимова
  • Шымкентте C.Рахымов атындағы әскери колледждің жаңа оқу корпусы ашылды
  • Официальный визит Президента К.Ж.Токаева в Китайскую Народную Республику завершился
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер