Шымкент қаласындағы 800 астам аз қамтылған отбасыға көмек көрсетілді. Бұл бастама "Кедергісіз келешек, "Бақытты отбасы", "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобалары аясында қолға алынған.
Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты Шымкентте де коронавируске қарсы күрес және тұрғындарға көмектесу жұмыстары күшейтілген.
Қиын сәтте халқына қолдау білдірген «Nur Оtan» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Үндеуіне орай елімізде бастау алған «Біз біргеміз!» республикалық акциясы шеңберінде «Nur Оtan» партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілер жұмылдырылып, жәрдемге аса мұқтаж отбасыларға санитарлық қорғану жиынтықтары және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлік тапсыруда. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының тізімі жұмыспен қамту басқармасы тарапынан жасақталып, сол тізімге сәйкес бүгінгі таңда қала бойынша 800 астам аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді.
Жоба аясында мұқтаж қазақстандықтарға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн.теңге бөлуді тапсырды. Бұл қаражатқа партиялықтар мен «Jas Otan» волонтерлері халықтың әлеуметтік осал топтарына байланыссыз жеткізуі үшін медициналық маскалар, антисептикалық құралдар және басқа да бірінші қажеттіліктегі тауарларды сатып алды. Сонымен қатар, партияның Орталық аппараты пен филиалдарының қызметкерлері осы қажеттіліктерге өздерінің бір күндік жалақысын аударған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, көмекке мұқтаж жандар төменде көрсетілген нөмірлерге хабарласа алады:
+7 778 471 10 45 – Абай ауданы
+7 778 471 10 29 – Еңбекші ауданы
+7 778 471 10 57 – Аль-Фараби ауданы
+7 778 471 10 49 – Қаратау ауданы
Қоңырау қабылдау уақыты: 09:00 – 23:00