Қазіргі таңда «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы мен тиісті министрлік оқытудың тетіктерін әзірлеу үстінде. Еліміздегі барлық мекемелер мен жұмыс орындары онлайн режимге өтіп жатқандықтан өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.
"Атамекен" кәсіпкерлік палатасының Шымкент қаласындағы бөлімшесінде өтетін 24 күндік кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жұмыстарын (мемлекеттік грант) елдегі төтенше жағдайға байланысты online режимде жүргізу жоспарлануда.
Кәсіпкерлер палатасының басты міндеті – бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету. Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасының құрылымы 30 кәсіпкерлік субъектілерінен тұрады. Негізгі қызметі: іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, тұрақтылықты нығайтуға, елде ұлттық, сондай-ақ шетел инвесторларының бизнес жүргізуіне қолайлы жағдайларды дамытуға бағытталған. Сонымен қатар бүгінде кәсіпкерлік палата «Бизнес бастау» жобасымен айналысып жатқаны белгілі. Үшінші мегаполис тұрғындарының бизнеске деген қызығушылығы соңғы уақыттары өскен. Себебі, қалалық кәсіпкерлік палата осы жобаның нәтижесінде біршама бизнесмендерге қолдау көрсеткен.
«Атамекен» кәсіпкерлік палатасы кәсіпкерлік негіздеріне оқытудың басталатыны жөнінде алдын-ала БАҚ, әлеуметтік желі және басқа да ақпарат құралдары арқылы хабарлайтын болады.