25 пайызға қысқартылды

Screenshot_10.jpg

Қаладағы тойханалар, ойын-сауық орындары толығымен тоқтатылып, сауда орталығы мен мейрамханалардың жұмыс уақыттары шектелді. Сондай-ақ, қоғамдық көліктер уақытша 25 пайызға қысқартылды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өзінің тұрғындарға жасаған мәлімдемесінде айтты.

«Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақты ұстап тұру бойынша арнайы штаб құрылып, азық-түліктің бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Бүгінгі таңда аса қажетті 19 азық-түлік түрінің бағасын тұрақты ұстап тұру үшін 3 млрд теңгеге жуық қаржы қаралды. Шымкентте азық-түлік қоры жеткілікті, баға бақылдауда. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ. 

15 наурыздан бастап Шымкент қалааралық автобустар вокзалынан жүретін халықаралық және 22 наурыздан жүретін Нұр-Сұлтан мен Алматы бағыттары шектелді. Бүгіннен бастап автобекеттердің жұмысы толығымен тоқтатылды. ТЖ жариялануына байланысты бүгінгі күнде қоғамдық көліктер бағытының 25 пайызы уақытша қысқартылды. 

Сонымен қатар, қала аумағындағы коронавирус инфекцияның жаппай таралу қаупі анықталған жағдайда әрекет етудің алгоритмі жасалынып, аурулар жатқызылатын 170 орындық инфекциялық стационар құрылды. Бұдан басқа 680 орындық провизорлы және 1500-ге жуық карантиндік стационар дайындалды. Бүгінгі таңда медициналық қызметкерлер жұмысына қажетті құрал-жабдықтар мен дәрілер толығымен жеткілікті. Қажеттілік болған жағдайда бұдан басқа да бекітілген алгоритм бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Бүгінгі таңда қаланы толық карантинге жабуға негіз жоқ. Мәселе менің жеке бақылауымда. Қала тұрғындарын ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында байланыс орталығы құрылды. Қазіргі таңда қала тұрғындары Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған профилактикалық шараларын қатаң қолдануымыз қажет. Төтенше жағдайда әрбір тұрғын қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан бәріміз арнайы талаптарды сақтауға міндеттіміз.

Құрметті жерлестер! ТЖ кезеңінде барлық сақтық шараларын қолданып, өздеріңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін үйлеріңізде болуыңызды сұраймын. Барлық жағдайларға түсіністікпен қарауларыңызды өтінемін», деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер