«Жасыл дәліз» арқылы кедергісіз өтеді

Screenshot_6.jpg

Бүгінде Шымкентте 18 блок бекеттері тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Енді олардың барлығында «Жасыл дәліз» ұйымдастырылатын болды. Аталған «Жасыл дәліз» арқылы жерден тіршілікті қамтамасыз ететін көліктер азық-түлкі тасымалдаушы машиналар мен транзиттік жүк көліктері басқа да арнайы техникалар кедергісіз өтетін болады. 

«Ташкент-Алматы-Термез» тас жолындағы «Ақжар» «Шымкент-Самара» бағытындағы яғни қаладан Түркістанға шығатын «Бадам» бекеті мен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізіне қосылатын «Бозарық» бекеттерін аралаған қала әкімі Мұрат Әйтенов осындай тапсырма берді.

Бекеттерден тіршілікті қамтамасыз ететін көліктер мен транзиттік машиналар еш кедергісіз өтуі керек. 

Көлік жүргізушілері мен оның салонындағы жолаушы міндетті түрде тіркеуге алынып, медицицналық құрылғымен тексеріліп өткізіледі. Блок бекеттерде медициналық қызметкерлер мен құзырлы орган өкілдері әкімшілік қызметкерлері де ауысыммен тәулік бойы қызмет атқарып жатыр.

Шымкент тоғыз жолдың торабындағы қала. Шектеу қойылған күннің өзінде қала арқылы арлы-бері 200 мыңға жуық халық қатынайды екен. Мұрат Әйтенов блок бекеттерде тұрған жолаушыларға шектеу кезіндегі талаптарды сақтап үйлеріне қайтуға кеңес берді. Қала әкімі қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуге шақырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мәжіліс депутаты Шымкенттегі әлеуметтік мәселелерді зерделеуде
  • Шымкентте үшінші жүрек трансплантациясы жасалды
  • Шымкентте үш өндіріс орны іске қосылды
  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер