Базардағы өнімдердің бағасы арзандады

Screenshot_7.jpg

Қала әкімі Мұрат Әйтенов саудагерлер мен сатып алушылармен кездесті. Аралау барысында  базарға келген әрбір тұрғынның шағымын жеке-жеке тыңдап, бағаны тұрақтандыру үшін атқарылып жатқан жұмыстарды түсіндірді.

Ең алдымен «Жібек жолы» базарында сатып алушылардан баға жөнінде сұрады. Көтерме сауда базарында соңғы күндері азық-түлік бағасының 30-40 теңгеге төмендегені байқалады. Оны сатушы мен сатып алушы да растап отыр.

Атап айтар болсақ, картоп 60 теңгеден бастап 130 теңгеге дейін саудалануда. Пияз 60- 90 теңге аралығында, сәбіз 40 -100 теңгеден сатылуда. Қырыққабаттың келісі 45-90 теңгеден, қызылша 70-100 теңгеден, тұрып 45-80 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, қала орталығындағы көтерме «Қазыбек» базарында біршама бағаның тұрақтанғаны байқалады. Бөлшек саудада аздаған артықшылықтар бар. Тиісінше биылғы өнімдердің бағасы арзандаған. Атап айтар болсақ, жергілікті қияр 350 теңгеден сатылуда.

Ең бастысы билік базарды аралаған кезде бағаны арзандатып, одан кейін көтеріп жіберген орындардың жазаланатынын жеткізді.

Мұрат Әйтенов кәсіпкерлерді осындай қиын-қыстау кезінде пайда тауып қалуды ойламай елге мейлінше қолы үшын беруге шақырды. Бағаны негізсіз көтеріп, тазалықты сақтамаған базарлар жабылады.

Қала әкімі қос базарға төтеннен кіріп ішкі сауда орындарын аралады. Көпшілік тамақтанатын дәмхана жұмысын көрді. Ондағы кемшіліктерді тездетіп жоюға тапсырма берді. Олай етпегенде базар жабылатынын ескертті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер