26 113 балаға әлеуметтік көмек көрсетілді

Screenshot_10.jpg

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияcы отырысында берген тапсырмасына сәйкес, республика бойынша төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, қажетті заттармен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 6-18 жас аралығындағы балаларымен қоса өзге де мүшелері қамтылады.

Шымкент қаласы бойынша осындай 11.298 отбасындағы 26.113 балаға жалпы сомасы 145 371 мың теңге қаржы аударылып, әлеуметтік көмек көрсетілді. Айта кету керек, бұл жиынтық құрамына антисептик, бетперде, қолғап секілді қорғаныс құралдары кірмейді. 

Құны 2 АЕК-тен төмен емес азық-түлік және тұрмысқа қажетті заттар құрамын жергілікті атқарушы билік айқындайды. Азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз ету көмек алушы тұлғалардың шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолымен немесе заттай түрде жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттен бір адамға бөлінетін жиынтық бағасы 5 567 тг құрайды. Берілетін көмек көлемін ұлғайту жергілікті бюджеттен қарастырылады.

Сонымен қатар, Елбасының «Біз біргеміз» атты бастамасын қолдау мақсатында, «Nur Otan» партиясының барлық филиалы республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында және халқы 85 мың адамнан асатын қалаларда жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларымен және бөлімдерімен бірлесіп, «BizBirgemiz» қорының қаражатынан көмек көрсетеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте республикадағы алғашқы әмбебап жедел қызмет кешендері ашылды
  • В Шымкенте открыты первые в республике универсальные комплексы экстренных служб
  • Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
  • Антониу Кошта қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді
  • Еуропа Одағы – Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер