Су, газ, жарық өшпейді

Screenshot_17.jpg   

Коронавирусқа байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде тұрғындарға электр жарығы, су, газ, жылу беру тоқтатылмайды. Жұмысынан айырылған немесе қашықтықтан жұмыс істеуге мәжбүр болған тұрғындарға коммуналдық қызмет ақысын төлеу қиынға соғатыны анық. Алайда билік өкілдері халыққа жеңілдіктер жасауда. 

Төтенше жағдай  мерзімі аралығында коммуналдық төлемдер бойынша қарызы бар азаматтар газ, жылу жүйесінен ажыратылмайды, электр жарығы сөндірілмейді. Ауыз сумен қамту да  толық  жүргізіледі. Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті пайда болған берешектері үшін тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді тоқтатпау жөнінде табиғи монополия субъектілеріне ұсыныс хатпен шыққанын хабарлады.

«ҚР Президентінің  2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына сәйкес,  Қазақстан Рсепубликасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елде төтенше жағдай жарияланған. Жарлықты орындау мақсатында  ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің 19.03.2020 жылғы №43-6-18/328 шығыс хатына сәйкес,  ҚР халқының  қауіпсіздігін  қамтамасыз ету мақсатында  табиғи монополиялар және  қоғамдық  маңызы  бар нарықтар субъектілері тұтынушылардың пайда болған берешектері  үшін төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде  тұрғын үй, коммуналдық   шаруашылық саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді тоқтатпауды  ұсынады»,- деді ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дархан Қаинбердиев


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер