12 блок бекеті қойылды

Screenshot_18.jpg

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Шымкентте сақтық шаралары күшейтілуде. Бұл бағытта Шымкент қаласына кіретін-шығатын автожолдарда 12 блок бекеті қойылды.

Қазіргі таңда Шымкенттегі полиция мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Коронавирус індетіне қарсы мамандар әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексерістен өткізіп жатыр. Сондай-ақ қайдан келе жатқандығын сұрап, аса маңызды шаруа болмаса үйде қалуға кеңес беруде. 

Блок бекеттерге тоқталсақ, олар: Ақжар, Жылан бұзған, Абдул Абад, Өтеміс Шапырашты, Қызылсу, Мәртөбе, Сиқым ауылы (А-2 айналма жолы), Бозарық айналма жолы, Қайнарбұлақ саяжайы, Бадам айналма жолы, Көкбұлақ, Бадам көпірі маңы.

Бұл бекеттерде полиция, дәрігерлер, жедел-жәрдем, төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы қызмет етеді. Сақтық шаралары ең алдымен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Блок бекеттерде медицина мамандары халықты ақпараттандыру, азаматтардың қозғалысын бақылап, дәрігерлер жолаушылардың дене қызуын өлшейді. Дене қызуы көтерліген жолаушылар болса дереу тексеруден өткізеді. 

Қауіптің алдын алу мақсатында қолға алынған жұмыстар барысында полицейлер мен дәрігерлер қаланың сыртындағы 12 Блок бекетте күшейтілген режимде жұмыс атқаруда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әр азаматымыздың жетістігі – Қазақстанның жетістігі»
  • Президент ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
  • Задержки с трансляцией и публикацией текста
  • Әділетті мемлекет және жаңа саяси жүйе: Қазақстандағы конституциялық жаңғыру
  • Цифрлық өркениет және қуатты инфрақұрылым: Қазақстанның жаңа экономикалық бағдары
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер