Қаланы толық карантинге жабуға негіз жоқ

Screenshot_21.jpg

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеме жасады. Шаһар басшысы бүгінгі күні атқарылып жатқан қауіпсіздік шаралардың негізгі бағыттарына тоқталып өтті. Әсіресе, көпшілікті алаңдатқан азық-түлік қоры жеткілікті және баға тұрақты. Қаланы толық карантинге жабуға негіз жоқ. Қауіпсіздік үнемі назарда екенін жеткізді. Қала аумағында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен алгоритмге сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр. Қазіргі таңда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кіреберіс жол қақпаларына 12 санитарлық бекеттер қойылды. Онда шаһарға кіретін азаматтар денсаулығын тексеруден өткізеді. Бұған дейін, теміржол вокзалы мен әуежай дасанитарлық бақылауға алынған болатын. Қаладағы базарларда, сауда орталықтарында, автобустар мен қоғамдық орындарда дезинфекциялық жұмыстар күніне 2 рет жүргізілуде.  Азаматтарға бетпердемен жүру міндеттелді. Маскаммен қамтамасыз ету үшін жергілікті кәсіпкерлермен бірлесе күніне 100 мыңнан астам медициналық бетперделер тігілуде.

"Ордабасы" индустриалды аймағындағы кәсіпорын күніне 4 тонна залалсыздандыру өнімдерін шығаруда. Қауіпсіздік мақсатында қала аумағындағы оқу орындарының барлығы демалысқа шығып, қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Ал, 26 наурыздан бастап балабақшалардың барлығы жұмысын шектейді. Сонымен қатар, қаладағы тойханалар, ойын-сауық орындары толығымен тоқтатылып, сауда орталықтары мен мейрамханалар кестеге сәкес қызмет етеді.




Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер