Сақтық шараларын пысықтады

Screenshot_22.jpg    

"Nur Otan" партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Ерік Тіленшин, "Береке" бастауыш партия ұйымының төрайымы Рәшкүл Оспаналиева, "Тұран" бастауыш партия ұйымының төрайымы Альбина Елшиева бастаған топ "Магнум" сауда үйіндегі баға тұрақтылығын, жалпы санитарлық тазалықты, келушілердің бетпердемен келуін қадағалау сынды жұмыстарға бақылау жүргізді.

Бағаның тұрақтылығын сақтау жөніндегі бақылаушы топ сауда үйінің басшылықтарына өз тараптарынан бірнеше маңызды ұсыныс білдірді. Бетперде кимеген келушілерді де назардан тыс қалдырмай, барынша сақтық шараларын жасауды тапсырды.

  Айта кетейік, қала әкімі сақтық шаралар мен шектеулердің халықтың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқанын айтып: «Құрметті жерлестер, осы шаралар сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін қабылданып отыр. Сондықтан осы сын сағатта, түсінікпен қарап, бір-бірімізді сақтауға шақырамын. Өздеріңіз және жақындарыңыз, қалаға шыққан жағдайда бетперде киіп, антисептик қолданып, бір-бірлеріңізге көмектесіп, санитарлық тазалықты сақтап, аталған шектеулерді орындайды деген үміттемін. Біз бірлесіп, осы қиындықты жеңеміз деп сенемін!»,- деп тұрғындарға түсіністікпен қарауды сұраған еді. 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер