Ауруды ауыздықтауға 230 миллион теңге жұмсалды

Screenshot_26.jpg

Коронавирустың алдын алу жұмыстарына Шымкент қаласы бюджетінен 230 миллион теңге жұмсалып отыр. Бұл сомма артуы мүмкін.

Айта кетейік, қазіргі таңда індетті жұқтырған екі азамат та Шымкент қаласындағы Абай ауданының тұрғындары. Осы жағдайға байланысты «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабы 14 күнге карантинге жабылды. Алайда, тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ. Жергілікті халық азық-түлік пен дәріханаға еркін баруына болады. Сондай-ақ, әкімдік ондағы жергілікті азаматтардың қажеттілігін және денсаулығын білу мақсатында арнайы анкета толтыртып алып жатыр екен. Нәтижесінде, олардың барлық қажеттіліктері қанағаттандырылады. Бұл жағдайды Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өз бақылауында ұстап отыр. Осы мақсатта арнайы баспасөз жиынын өткізген қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр барлық тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

 «Қазір олар қалалық инфекциялық ауруханада емделуде, денсаулықтары – тұрақты. Ол адамдармен байланыста болған 26 адам карантинге жатқызылып, тест-сараптамасы алынып, нәтижесі күтілуде. Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның келісіміне сәйкес, Шымкент қаласында 28 наурызда түнгі сағат 12-ден бастап, келесі қосымша шектеу шаралары енгізілетін болады. Шымкент қаласының аумағына сағат кешкі 21-ден таңғы сағат 7-ге дейін автокөліктер мен азаматтардың кіруіне және шығуына тыйым салынады.Бұл транзиттік көліктер мен азық-түлік тасымалдайтын көліктерге қатысы жоқ»,- деді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр.

 

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер