Қорға үлес қосты

Screenshot_25.jpg

Елбасының үндеуіне қосылған шымкенттік кәсіпкерлер төтенше жағдай кезінде коронавируспен күресіп, халыққа қолдау білдіруге  дайын. Шымқаладағы  «Корпарация Ақ Ордасы» тұрғынүй құрылысы саласында жетекші мекеме. Қарамағында 380 қызметкер бар  ЖШС аталған қорға екі миллион теңге бөлетінін жеткізді.

«Біздің компаниямыз 2 миллион теңгедей өзіміз қаржылай үлесімізді қосамыз. Ешқандай жұмысшыларды және  олардың жалақысын қысқартқан жоқпыз. Бәрі жұмыспен қамтамасыз етілген. Короновирусқа байланысты барлық жағдай жасалған. Мен ойлаймын тура осылай барлығымыз ат салыссақ, Қазақстан бұл қиындықты жеңіп шығады. Біз халықпен біргеміз»,- дейді «Ақ Ордасы Корпарация» ЖШС Бас директоры Садулла Қалыбеков. 

Айта кетейік, әлемді жайлаған індетке байланысты мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтің жасаған үндеуіне бұл жергілікті кәсіпкерлердің қолдау білдіруі болатын.

Кәсіпкердің қаражаты біріңғай корпоративтік әлеуметтік даму қорына түседі. Бұл қаржы короновирустың алдын алуға бағытталған қажетті заттарға жұмсалады. Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға бетперде мен антисептиктер сондай-ақ азық-түлік те таратылатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • ОРК референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер