Дәрі дәрмек үйге жеткізіледі

Screenshot_28.jpg

Шымкент қалалық №4 емхананың мамандары  автобекеттерде медициналық көмек көрсетуде.  Емханаға қарасты "Саяхат" автобекетінде пост қойып қызметкерлер күнделікті, таңғы 8°°ден -20°° дейін кезекшілік құрылып тексеру, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, автобекеттегі жағдай үнемі бақылауда және ХҚКО - қызметкерлер кезекшілік бойынша орталыққа келушілермен ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізіп, термометрия арқылы дене қызыуын өлшеп әр бір келушіні қатаң бақылауда. Тұрғындарға жадынама, үндеу парақшалары таратылып, ақпараттық түсіндіру жұмыстары күнделікті жүргізілуде.

Алматы, Нұрсұлтан қаласынан келген тұрғындарды дәрігерлік қатаң бақылауға алынуда. Медицина қызметкерлері күнделікті үй карантиніндегі пациенттерді тексеріп, хабар алып, бақылауда ұстауда. Емхана кезекшілігіндегі дәрігерлер, жедел жәрдем бригадасы күшейтілген тәртіп бойынша жұмыс жасап жатыр. Ұжым мұндай сәтте сабырлық танытып, жұдырықтай жұмылып, бірге болуға Төтенше жағдай уақыты аяқталып, әлемдік дерттің қаупі басылғанша үйімізден шықпауға, әркім өз отбасымен бірге болуға шақырады.

Айта кетейік, барлық медицина ұйымында қатаң маска режимі енгізілді. Емханалар штатты режимде 08.00-ден 20.00-ға дейін жұмыс істейді.

Медициналық ұйымдардағы кабинеттер қол жууға және өңдеуге арналған антисептикалық құралдармен жабдықталған. Бұдан басқа, дәліз қабырғаларында қолды өңдеуге арналған антисептигі дозаторлар орнатылған.

Ал мүгедектер мен қарттарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіледі. Ал балаларға екпе салу жоспар бойынша жүргізіледі. Жүкті әйелдер де жоспарлы тәртіпте қабылданады. Амбулаторлық медициналық ұйымдарда шұғыл көмек көрсету жұмысы күшейді. Емханалардың дәлізіне пациенттер үшін антисептиктер орнатылған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер