Түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Screenshot_30.jpg

Жастар ресурстық орталығының жанынан құралған волонтерлар Шымкенттегі саябақтарда тегін медициналық маска таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бағасы шарықтап, сатып алу мұңға айналған қауіпсіздік маскасы халық көп шоғырланған аумақтарда үлестірілді.

Бетпердесіз халық көп жүретін аймақта тыныстау адамдардың өміріне қауіпті. Еріктілер саябақтағы демалушыларға  жағдайды түсіндіріп, төтенше жағдай кезіндегі тұрғындардың атқаруы тиіс қауіпсіздік шараларын ұғындырды. 

«Еріктілеріміз ерікті түрде өздері шығып, белсенділік көрестіп жатыр. Сондай-ақ, мед академияның студенттері де қосылды арамызға. Тұрғындар тарапынан сұрақтар туындаса өз саласы бойынша жауап беруде»,- дейді «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Жани Қамбар.

  Аталмыш шарада әр адамға бір-бірден медициналық маска мен брошюра қағазы таратылды. Іс-шара қоғамдық автобустар мен аялдамаларда, сондай-ақ, «Орталық саябақта» жалғасты. Еріктілердің бұл әрекетіне қала тұрғындары өз алғыстарын білдіруде.

«Денсаулық болса бәрі болады. Еліміз тыныш болсын. Жастарымыз аман болсын. Коронавирус кетсіз. Рахмет еріктілерге»,- дейді қала тұрғыны Ұмсын Нұрманова. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қағып, вирустың таралу қаупін жоғары деп таныды. Сәйкесінше барлық ортада қауіпсіздік ережелерін қатаңдату тапсырылған болатын. Қабылданған шаралар адам өмірі мен індеттің таралу қаупіне әсері жоғары болғасын, немқұрайлы жүруге болмайды.

   Айта кетейік, мәдени астанада бірыңғай call-орталығы жұмыс істейді.  Тұрғындар орталыққа тәулік бойы жүгіне алады. Онда коронавирустың алдын-алу және қорғану шаралары бойынша кеңестер алуға болады.

Сондай-ақ, операторлар қаладағы азық-түлік бағасы мен қоғамдық көлік, әлеуметтік мәселелер, коммуналдық төлемдер бойынша сұрақтарға жауап береді.

Бірыңғай call-орталығына 39-50-55 телефоны арқылы хабарласа аласыз. Бұл қызмет халық арасында қауіпті індеттің таралып кетпеуі үшін қолға алынып отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте сакура гүлдеді
  • Агенттік өкілдері жемқорлар ұрланған ақшаны көбінесе қайда жұмсайтынын айтты
  • Садрадиннің Шымкентте өткен концертінен шу шықты
  • Шымкентте саябақтардың орнына тұрғын үйлер салынбайды
  • Шымкентте Наурызды тойлауға 151 млн теңге бөлінді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер