Шымкенттіктерге онлайн қызмет көрсетілуде

Screenshot_2.jpg

Карантин барысында Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылды. Енді шымкенттіктер мемлекеттік қызметтерді тек онлайн ала алады.

Маманлардың айтуынша қазақстандықтарға бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электронды үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты арқылы алуға болады.

ХҚО-ның ең тәжірибелі деген және арнайы оқудан өткен 1800-ден астам қызметкері 1414 байланыс орталығының кеңес берушілерімен бірге азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу бойынша көмек көрсетеді.

Бір уақытта байланыс орталығының мамандары мыңнан астам азаматқа кеңес бере алады деп жоспарлануда. Байланыс орталықтары дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін.

Бұдан бөлек, Азаматтарға арналған үкіметтің 200-ден астам қызметкері бейнеқоңырау арқылы қызмет алушыларды мобильді азаматтар базасында тіркейтін болады.

Бұл ретте 21 наурызға дейін өтініш беріп үлгерген азаматтар қызметтердің дайын нәтижесін өзі өтініш берген ХҚО-ның құжат беру секторынан алып кете алады.

Автомобильді қайта тіркеген немесе жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстырған көлік иелері дайын құжаттар мен нөмірлерді өз қалаларындағы мамандандырылған ХҚО-дан ала алады, онда да дайын құжаттарды беру терезесі жұмыс істейтін болады.

Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін.

Шымкентте тұрғындардың арыз-шағымдарын, сауалдары мен өтініш-тілектерін қабылдау үшін WhatsApp желісінде 8 702 384 21 18 байланыс нөмірі іске қосылған. Қашықта жұмыс жүргізу енгізілгелі, яғни 26-27 наурыз күндері 221 адамға онлайн түсіндірме жұмыстары жүргізілген. 98 адамнан өтініш келіп түскен  және онлайн жұмыс іздеуші ретінде 34 адам тіркелген.

Азаматтарға арналған үкімет Шымкент қаласы бойынша филиалы тұрғындарды барлық санитарлық талаптарды орындап, үйден шықпауға кеңес береді және керекті мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға шақырады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер