Бірыңғай терезе жұмыс істейді

Screenshot_4.jpg

30 наурыздан бастап әр қалада бір-бір ХҚО дайын құжаттарды беру үшін бірыңғай терезе ретінде жұмыс істейді. Мұнда қазақстандықтар онлайн түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижесін ала алады.

Жалпы, eGov порталында қызмет нәтижесі қағаз түрінде берілетін 23 түрлі мемлекеттік қызмет бар. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева хабарлады.

Мамандандырылған ХҚО-да да дайын құжаттарды беру терезелері ғана жұмыс істейді, онда автокөлігін қайта тіркеуге қойған немесе жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырғандар дайын құжаттары мен мемлекеттік тіркеу нөмірін ала алады.

«Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 09:00-ден 17:00-ге дейін. Сенбі – сағат 09:00-14:00 аралығы. Шымкент қаласы бойынша Мәделі қожа көшесі 1Г мекенжайында орналасқан №1 ХҚО-нан дайын құжаттарды алуға болады. Ал автокөлік иелері дайын құжат бойынша Достық ш/ауд. орналасқан мамандандырылған ХҚО-на жүгіне алады", - деді Алтынай Татаева.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылды. Азаматтар қызметтерді тек электронды форматта алады.

Азаматтарға арналған үкімет Шымкент қаласы бойынша филиалы тұрғындарды барлық санитарлық талаптарды орындап, үйден шықпауға кеңес береді және керекті мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға шақырады.




Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер