Әкім үндеу жариялады

Screenshot_5.jpg

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың 30 наурыз күні  тұрғындарға үндеу жариялап, шаһардағы бірқатар шектеулерге тоқталып, азаматтарды сақтық шараларын барынша сақтауға шақырды. 

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! 

Короновирустың тез таралуы тұрғындардың денсаулығына қатер төндіруде.

Бүкіл әлемде вирус жұқтырғандар саны 700 мыңнан асты. Індеттен қаза тапқандар саны әлемде 34 мың адамға жақындады.

Қазақстанда да 294 адам қауіпті дертті жұқтырды. Шымкент қаласында 2 адам тіркеліп, бір елдімекен карантинге жабылды.

Республиканың өзге аймақтарына Шымкент арқылы өтетін транзитті жолаушылар көп. Олардың саны тәулігіне шамамен 200 мың адам. Бұл жағдай індеттің таралу қаупін арттырып отыр.

Сол себепті Шымкент қаласында 31 наурыз күні сағат 21:00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі.

БІРІНШІДЕН, қалаға кіретін барлық жолдар жабылады.

Автокөліктердің қалаға кіруі мен шығуына тыйым салынады.

Тек транзитті жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат беріледі.

ЕКІНШІДЕН, адамдар жақын қарым-қатынаста болған кезде вирустың тез таралатыны дәлелденген. Сол себептен қала аумағында бетперделік режим енгізуге мәжбүр болып отырмыз. Барлық азаматтар медициналық бетперде киюге міндетті.

Құрметті шымкенттіктер!

Бұл шаралардың барлығы адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қабылданды. Аса қажеттілік болған жағдайда бетперде киіп, қауіпсіздік талаптарын сақтауға тиіспіз.

Қала әкімдігі індеттің таралуының алдын алу үшін барлық шараларды қабылдап жатыр. Алайда, бұл жеткіліксіз.

Бүгінгі қиындықтарды әрбір азамат қауіпсіздік талаптарын саналы түрде орындаған жағдайда ғана жеңе аламыз.

Баршаңызды түсіністік танытуға шақырамын.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасы таныстырылды
  • В Шымкенте презентовали проект «Читающая нация»
  • Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті
  • Развитие города Шымкента будет осуществляться в рамках концепции Smart City
  • Шымкент қаласының дамуы Smart city тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырыладыШымкент қаласының дамуы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер