Жекеленген кәсіпкерлерден мұқтаж жандарға көмек!

Screenshot_11.jpg

6 мыңнан астам мұқтаж отбасына тегін азық-түлік алатын болды. Ұйымдастырушылар аз қамтылған отбасылардың үйіне арнайы барып, азық-түліктерді жеткізіп береді. Бұл туралы Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі әкімі Абзал Әліқұлов мәлімдеді.

—Өздеріңізге белгілі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында тегін азық-түлік тек аз қамтамасыз етілген отбасыларға ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, көп балалы және асыраушысынан айырылған отбасыларға да берілетінін мәлімдеді. Осыған орай біз аудандағы аталған санаттарға жататын отбасылардың тізімін жасап шықтық. Әзірге тізімге 6 мың отбасы алынып отыр. Келесі аптаның басынан бастап тегін азық-түлік олардың үйіне жеткізіп беріледі. Егер тізімге ілінбей қалғандар мұқтаж жандар болса, біз ешкімнің өтінішін аяқсыз қалдырмаймыз, — деді Абзал Шымкентбайұлы.

Негізінен бұл іске жекелеген кәсіпкерлер де атсалысып жатыр. Айталық күні кеше «Шымкент құс» компаниясы Қаратау ауданындағы аса мұқтаж отбасыларға 300 келі құс етін тегін таратқан. Сондай-ақ, аты-жөнін жарияламауды сұраған тағы бір кәсіпкер аудан тұрғындарына бір күнде әрқайсысы елі келілік 250 қап бірінші сұрыпты ұнды тегін таратқан.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проект новой Конституции формирует основу эволюции государства и общества – Бакыт Нурмуханов
  • «Существенно усилены конституционные принципы правосудия»
  • Суверенитет и территориальная целостность отнесены к неизменным ценностям
  • Конституционная реформа Главы государства – новый этап развития государственного устройства
  • Мемлекет басшысының конституциялық реформасы – мемлекет құрылысын дамытудың жаңа кезеңі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер