Қала тұрғындарының денсаулығы бақылауда

Screenshot_12.jpg

Үшінші мегаполистегі медицина қызметкерлері өздерінің емханаларында есепте тұрған тұрғындарға жеке-жеке хабарласты. Олар 632 мың тұрғынмен байланысып, денсаулық жағдайын білді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр айтты.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаладағы барлық емханалар өзінде есепте тұратын азаматтармен телефонмен байланысып, олардың денсаулық жағдайын тексеріп шығуда. Сондай-ақ, қалаға келген қонақтардың да барлығы уақытша есепке алынып, олардың да денсаулығы бақылауға алынуда. Егер тұрғындар мен қонақтарда дене қызуы көтерілуі немесе короновирус инфекциясының басқа да сиптомдары анықталса, олар дереу бақылауға алынады.

— Бүгінгі күнге дейін медицина қызметкерлері барлығы 632 мың тұрғынға телефон арқылы хабарласқан. Оның ішінде 5 500 адам Қазақстанның өзге өңірлерінен келген азаматтар. Оның ішінде 1 600 адам Нұр-Сұлтан қаласынан, екі мың алты жүз адам Алматы қаласынан, қалғандары басқа облыстардан келгендер, — дейді Ербол Садыр.

Оның айтуынша, алдағы 2-3 күнде өзге өңірлерден келген 61 мың адамның барлығына хабарласып, олардың денсаулық жағдайы туралы мәлімет жинақталады. Бұл қала халқының денсаулығына жауапты медицина мамандарының індетті ауыздықтауға арналған ісі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер