8 мыңнан аса шымкенттік 42 500 теңге алды

Screenshot_13.jpg

Төтенше жағдай жарияланғалы жұмысынан айырылып жатқан азаматтар көп. Оларға мемлекет 42500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек берілетін болып шешілген еді. Жәрдемақыны аса қиындықсыз алып үлгенген қала тұрғындарының саны сегіз мыңнан асқан екен.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңге жәрдемақы алатын азаматтардың тізімі кеңейтілетінін мәлімдегені белгілі. Осыған орай аталған жәрдемақыны төлеудің тәртібі барынша жеңілдетілді, - деді Мақсұт Пернебайұлы.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 64 259 адам жаңа әлеуметтік төлемді алды. 2 сәуір сағат 18:00-дегі жағдай бойынша eGov.kz арқылы табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау бойынша 22 928 адам жүгінді, оның ішінде 3 438 адам төлемін алды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын 60 821 адамға тағайындады және аударды. Олардың ішінде, Нұр-Сұлтан қаласынан - 1 521, Алматы қаласынан - 3 500, Шымкент қаласынан – 8 037, Түркістан облысынан – 6 321 және Алматы облысынан – 13 548 адам алған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер