45 кәсіпкер жұмысын тоқтатты

Screenshot_7.jpg

Әлемді шарлаған вирустан қорғанудың бірден бір жолы ол оқшаулану, яғни үйде қалу. Аурудан сақтану және оның таралуына жол бермеу үшін қаладағы көптеген кәсіпкерлер өз жұмысын тоқтатты. Осы орайда Әл-Фараби ауданындағы 45 кәсіпкер жұмысын өз еркімен тоқтатты. Ауданда санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 4 жұмысшы тобы құрылды. Оның құрамына тиісті құзырлы органдардың өкілдері кірген.

Бұл туралы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте айтты.

– Аудан аумағыдағы Shymkent Plaza, Mega Planet, ЦУМ және Береке атты 4 ірі сауда орталықтары жабылған. "Акбар" және орталық қырғы базарлардың жұмыс істеу уақыты шектелсе, "Дархан" базары толық жабылды. Жұмыс істеп тұрған базарлардың аумағында күніне 2 рет дезинфекция жасалуда. Сондай-ақ, базар әкімшіліктері саудагерлер мен келушілердің медициналық бетперде мен қолғап киюін және қолды антисептикалық өңдеуден өткізуін қадағалап отыр, - деді Ғабит Патшаханұлы.

Қазіргі таңда аудандағы 12 кәсіпкерлік нысаны дене қызуын өлшейтін сымсыз тепловизормен қамтылған. Бүгінгі таңда барлық кәсіпкерлік нысандарды осындай құрылғылармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.

Аудан әкімінің айтуынша, 45 кәсіпкерлік нысаны өз еркімен жабылды. Ал шектеулерді ескермеген және санитарлық талаптарды орындамаған 175 кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сондай-ақ, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзған 5 азамат 3 тәулікке қамауға алынған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер