Сауалдар жауапсыз қалмайды

Screenshot_8.jpg

Шымкент қаласы бойынша бірыңғай байланыс орталығына күні бүгінге дейін 1845 сауал келіп түскен. Барлығы бақылауға алынып, тиісті шаралар атқарылып жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдай штабының өкілі Қанат Жүнісбеков ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте баяндады. Штаб өкілі бірыңғай байланыс орталығына келіп түскен барлық сауал жіті бақылауда екенін еске салды. 

– Еліміздегі қалыптасқан жағдайға байланысты қала әкімінің бастамасымен Шымкентте бірыңғай байланыс орталығы құрылып, жұмыс істеп жатыр. Сол орталыққа келіп түскен сауалдарды саралап, қажеттілігіне қарай өздеріңізді тиісті ақпаратпен құлақтандырып отыратын боламыз, - деді Қ.Жүнісбеков.

Еске сала кетсек, Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылы 31 наурыз күні сағат 21.00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Атап айтсақ, қалаға кіретін барлық жолдар жабылады. Автокөліктердің қалаға кіруі мен шығуына тыйым салынады. Тек транзитті жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат беріледі. Қала аумағында барлық азамат медициналық бетперде киюге міндетті. Шымкент қаласы төтенше жағдай штабы тұрғындарға сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды. 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • ОРК референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер