Ауруханаларда 170 стационарлық орын әзірленді

Screenshot_9.jpg

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында резервте 170 стационарлық орын бар. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр айтты. Мұнан бөлек түрлі жағдайларға дайындық ретінде 680 провизорлық орын да әзірленген.

- Әлемде короновирус инфекциясының таралу қарқын өте жоғары. Шымкент қаласында індеттің таралуының алдын алу мақсатында барлық іс-шаралар қолға алынуда. Дегенмен кез келген жағдайға дайын болуға тиіспіз. Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында резервте 170 стационарлық орын бар. Мұнан бөлек 680 провизорлық орын да әзірленген. Сондай-ақ, 1 447 орындық 5 карантиндік стационар да дайындалды, — деді Е.Садыр. Ол медициналық мекемелерінде 72 мың бетперде қоры бар екенін де атап өтті.

Қала әкімінің бірінші орынбасарының айтуынша, Шымкентте жалпы 484 адам карантинге алынған. Олардың ішінде 218 адам медициналық мекемелерде стоционарлық карантинде болса, 266 адам үй карантинінде отыр. Тиісті мамандар олардың карантин режимін қатаң сақтауын қадағалауға алған.

Олардың барлығы шет елдерден және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан келіп, дене қызуы көтерілген азаматтар.

Сондай-ақ, Ербол Әбілқайырұлы қаладағы дезенфекция жұмыстары және «Біз біргеміз» республкалық акциясының барысы жөнінде де мәлімет берді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • 30 новых санитарных автомобилей переданы службе скорой помощи Шымкента
  • В Шымкенте состоялась очередная акция в рамках акции «Таза Қазақстан»
  • Шымкентте «Қара шаңырақ»қолөнер және халықтық өнер көрмесі өтті
  • Шымкентте республикадағы алғашқы әмбебап жедел қызмет кешендері ашылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер